Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Елімізде алтынның бағасы қымбаттады
Қазақстанда алтынның бір грамының құны 75 200,37 теңге болды. Бұл бұрынғы бағадан 0,53 пайызға жоғары және өткен жылмен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Қаңтар, 2026
Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне қызметкерлерді іріктеу жұмыстары басталды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
Қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары Үндістанда оқырман назарына ұсынылды
Қазір Нью-Делиде дәстүрлі халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Экспозицияға қойылған қазақ кітаптарының жанрлық ауқымы кең: ел тарихын арқау еткен еңбектер, балаларға арналған әдебиет, сондай-ақ заманауи қаламгерлердің туындылары бар. Іс-шараны ұйымдастыруға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 13 Қаңтар, 2026
Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.