Аймақтар • 10 Қаңтар, 2026
Абай облысының кадрлық қажеттілігінің өңірлік картасын әзірлеуге арналған маңызды басқосуда Мемлекет басшысының «Жаңа кәсіптер мен дағдылар атласын әзірлеу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес еңбек нарығындағы нақты сұраныстар талқыланып, кадр даярлау жүйесін жаңа экономикалық талаптарға сай бейімдеу жайы безбенделді.
Ғалам ғажаптары • 10 Қаңтар, 2026
Қытайдың ұлттық суперкомпьютерлер желісі ғылыми есептеулерге арналған жаңа интеллектуалды агентті таныстырды.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
27 жастағы белгілі боксшы Бекзат Нұрдәулетов былғары қолғабын шегеге ілгенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл азаматтың ел спортына сіңірген еңбегі ерен. Ол 2019 жылы әлем, 2024 жылы Азия чемпионы атанды, 2016 жылы жастардың әлем біріншілігінде қола медальды мойнына ілді. Басқа да халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Күні кеше Бекзат Маңғыстау облысындағы бокстан мамандандырылған олимпиадалық резвервтегі мектеп-интернаттың директоры болып тағайындалды.
Ғалам ғажаптары • 10 Қаңтар, 2026
CES 2026 көрмесінде «NVIDIA» автономды көлік технологияларындағы жағдайды логикалық тұрғыда талдай алатын жасанды интеллектіні таныстырды.
Шымкент • 10 Қаңтар, 2026
Қарапайым мамандықтарға грант көбейді
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, былтыр қалада 49 мың адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шарасына қатысуға тиіс болған. Қуантарлығы, бұл көрсеткіш асыра орындалып, 53 мыңнан астам тұрғын жұмыс мәселесінде мемлекеттен үлкен қолдау тапты.