Экономика • Бүгін, 13:03
Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті
2025 жылы аграрлық секторды қаржыландыру 172 млрд теңгеге ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл қаражат егіс науқанын қолдауға, дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді. Мұндай деректерді Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев келтірді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 12:55
Өткен жылы елімізде ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
2025 жылы экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауданы қоса алғанда, нақты сектордың негізгі салалары жеделдетті. Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы Қаржы министрі Мәди Такиев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • Бүгін, 12:40
Тимур Сүлейменов: Банктерге халыққа емес, бизнеске несие беру тиімді бола түсті
Қазақстанда тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны қаржы реттеушілерінің енгізген шектеу шараларынан кейін баяулай бастаған. Ал бизнеске берілетін несиелер керісінше жоғары қарқынмен өсіп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 12:28
«Көгерген нан өнімдері шашылып жатыр»: Атырауда тұрғындар наубайханаға шағым жасады
Атыраудағы шағын аудандардың бірінде мерзімі өткен нан өнімдерінің далаға тасталуы тұрғындардың наразылығын туғызған. Тұрғындардың айтуынша, шашылып жатқан нан өнімдері кесірінен кеміргіштер қаптап, санитарлық ахуал нашарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 12:17
Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды
Астанада кәмелетке толмаған баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп әкетпек болды деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.