Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Қарағандыда компьютерлік графика байқауының жүлдегерлері анықталды
Кеншілер астанасында «Болашақтың қаласы» атты тақырып бойынша компьютерлік графикадан облыстық байқау өтті. Екі кезеңнен тұрған сайысқа 7-9-шы сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
Тағайындау • 25 Желтоқсан, 2019
Мұрат Жүребеков Бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
Қырғызстанның жолшылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерттеуде
Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігінің өкілдері Жол активтерін басқару жүйесінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Университетте «Әбіш әлемі» атты әдеби-мәдени күндері қорытындыланды
Ақтауда Ш.Есенов атындағы КМТИУ- де Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Әбіш әлемі» атты әдеби-мәдени күндерін қорытындылау кеші болып өтті.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
Таразда «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда «Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек», деген болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, Тараз топырағынан «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ашылды.