Сайлау • 31 Желтоқсан, 2020
Алдағы сайлау бұрынғыдан өзгерек
Әне-міне дегенше еніп келе жатқан жаңа жыл ел тарихындағы елеулі оқиғамен басталғалы тұр. Оныншы қаңтар күні өтуге тиіс Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы тек саяси науқан емес, мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін маңызды оқиға. Алдағы болатын сайлаудың негізгі қағидалары биылғы қабылданған заңда қаланды.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2020
Өткен ширек ғасыр ішінде бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі мен тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың табандылығының арқасында тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясаты айқындалып, этносаралық және конфессияаралық келісім моделінің қазақстандық үлгісі дүниеге келді, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2020
Міндет айқын – халықтың жағдайын жақсарту
Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын, даму бағытын Президент айқындайды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміз үшін аса маңызды бұл құжатта Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне қатысты міндеттер нақты көрсетілді, мақсатымыз айқындалды.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2020
Коронавирус пандемиясы жер-жаһанды әбігерге салғандықтан, шартараптың түкпір-түкпіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары негізінен індетке қатысты жаңалық таратты. Дегенмен, Батыстың беделді басылымдары ара-тұра болса да әлемнің «тоғызыншы территориясы» саналатын Қазақстандағы ахуалдан ақпарат беруді ұмытқан жоқ. Осы орайда, 2020 жылы әлемнің медиа өкілдері елімізге қатысты жазғандарына шолу жасап көрген едік.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2020
Биыл әлем мемлекеттері басшылары өз елдерінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру салалары мен әлеуметтік мәселелерін шешуде үлкен қиындықтарға тап болды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында да жағдай мәз болмады. Індет жұғады деген қауіппен көршілес елдер шекарасын жауып, әуе жол қатынасы белгілі бір деңгейде үзілді. Осы орайда халықаралық қоғамдастықтың белді де белсенді мүшесі Қазақстанның сыртқы саясаттағы жағдайын саралап көруді жөн көрдік.