Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020

СҚО полицейлері жылды қайырымдылық акциясымен аяқтады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО – ның тәртіп сақшылары биылғы жылы жаман індеттің кесірінен тұрмыстық жағдайлары төмендеп кеткен ата-аналардың балаларына сыйлықтар жасаумен қуанту туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, жылды қайырымдылықпен аяқтамақ болып отыр.

СҚО полицейлері жылды қайырымдылық акциясымен аяқтады

Түрлі тәттілерге, ойыншықтар мен кітаптарға, суреттерге, әдемі киімдерге толтырылған қоржындар көп балалалы, тұрмыстық жағдайы төмен үйдің жас бөбектерін қуантуға аттанды. Таңсәріден сыйлықтар артқан полиция машиналарының керуені қаланың түкпір-түкпірін аралап, осындай үйлерге тоқтап жатты. Биыл үйлері күйіп, бес баласымен шағын мекенге жайғасқан отбасының балаларына арнап полицейлер тіпті шырша орнатып, оған ойыншықтар да іліп берді. 

Облыстық ПД бастығы, полковник Марат Төлебаевтың айтуына қарағанда бұл бастама халықпен етене жұмыс істейтін төменгі құрамдағы қызметкерлерден шыққан. Ал жағдайы келіспеген отбасылардың тізімін ювеналдық полиция жасаған. «Әрине, біз балалардың бәріне жақсылық қыла алмаймыз. Бірақ жағдайлары төмен отбасының балаларын осылайша бір қуантқымыз келді», дейді полковник М.Төлебаев. 

«Жақсылық жасасаң – балаға жаса» деген осы шығар.

ПЕТРОПАВЛ