Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Ауа райы нашар кезде пойыз – бірден-бір қолжетімді көлік
Қолайсыз метеорологиялық ахуалдарға байланысты ҚТЖ жедел штабы басқа көлікпен діттеген жеріне жете алмаған жолаушыларды мүмкіндігінше қала маңындағы пойыздармен әкету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер майдангерлерді мерекемен құттықтады
Астана, Алматы қалаларындағы Қарулы күштердің әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Астанада Қорғаныс министрлігі өкілдері «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп екі майдангерге барды. Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі запастағы полковник Ғани Артықов осы күндері елордада екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 7 ардагер тұратынын, жыл өткен сайын майдангерлер азайып бара жатқанын, әр ардагер – тірі тарих екенін, жеңістің оңай келмегенін өскелең ұрпақ білу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Алматы әскери қызметшілері майдангердің үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Университет • 30 Желтоқсан, 2023
Болашақты таңда – ШҚТУ-ды таңда!
Жоғары оқу орны – сіздің болашақ мамандығыңызға апаратын жол. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін қашанда ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Жоғары білім өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесетін мамандық туралы ақпарат пен практикалық білімді ұсынады.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр
Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
27 рейс кешіктірілді. Елорда әуежайы уақытша жабылды
Астана халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.