Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2023

Келер жылы қанша киік жойылатыны айтылды

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келер жылы ауланатын аңдардың лимиті туралы бұйрығы «Ашық НҚА» порталынан көпшілікке құлағдар етілді, деп жазады Egemen.kz.

Келер жылы қанша киік жойылатыны айтылды

Фото: ашық дереккөз

Бұйрықта киіктің барлығы ғылыми мақсатта ғана ауланатыны мәлімделген.

«2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері саналатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті» туралы Ашық НҚА-да жазылған кестеде жойылатын киік саны көрсетілген:

Бір жыл уақыт аралығында ұзын саны 5 350 киік атылады. Оның ішінде Ақмола облысында – 280, Ақтөбе облысында – 90, Батыс Қазақстанда – 1 100, Қарағанды облысында – 1 280, Қостанай облысында – 1 230, Ұлытау облысында – 1 530 киік ауланады.