Алматы • Бүгін, 08:55
Алматы хайуанаттар бағының жануарлары төлдеп жатыр. Жыл басында Амур жолбарысы тапқан таутандарға алматылықтардың өзі жабылып ат қойған. Содан көп ұзамай үш бірдей кенгурудың төлі дүниеге келген еді. Енді, міне, хайуанаттар бағының аққол гиббондары мен сақиналы құйрықты лемурлары балалады.
Өнер • Бүгін, 08:50
Ұлттық музыкамен ұштасқан классика
Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Жаңа әлем» атты концерті өтті. Аталған кеш ұлттық музыка мен әлемдік классиканы ұштастырғанымен ерекшеленді.
Әлем • Бүгін, 08:45
Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Анкара қаласында іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерейтойлық бағдарлама ТҮРКСОЙ, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен бірлесіп өткізілді.
Экономика • Бүгін, 08:40
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керектігін, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санайтынын айтты. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек», деді Президент.
Футбол • Бүгін, 08:35
Ертең футболдан ХХІІІ әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Жер-жаһан жанкүйерлері тағатсыздана күткен дүбірлі доп додасы қарсаңында бірнеше қызықты деректер мен тартымды ақпаратты көпшілік назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.