Шымкент • 09 Маусым, 2026
Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді
Шымкент қаласының халықаралық әуежайында «Scat MRO» авиациялық-техникалық орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл Орталық Азиядағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын бірегей кешен болмақ.
Шымкент • 09 Маусым, 2026
Мемлекеттік рәміздер асқақтаған күн
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласында Ту көтеру рәсімі өтті. Аталған іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. «Ту тұғыры» алаңында өткен салтанатты жиында Мемлекеттік әнұран шырқалды. Жиналған көпшілікке мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мән-мазмұны кеңінен баяндалды. Студент жастар сап түзеп, рәміздерге деген құрметін білдірді. Патриоттық әндер шырқалып, мерекелік жиын думанды концертке ұласты.
Туризм • 09 Маусым, 2026
Тамылжыған табиғатымен әлемге әйгілі Щучинск-Бурабай курорттық аймағы алыс-жақын шетелдерден келетін талғампаз туристерді құшақ жая қарсы алуға қапысыз қамдануда.
Спорт • 09 Маусым, 2026
Шахматшы Бибісара Асаубаева Ослодағы «Norway Chess Women 2026» турниріндегі жарқын жеңісінен кейін ФИДЕ рейтингінде тағы екі сатыға жоғарылады. Барлығы 2537,6 ұпай еншілеген ол бұл күндері бесінші орынға көтерілді. Әзірге Асаубаеваның алдында Қытайдың төрт мықты ойыншысы – Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0), Цзюй Вэньцзюнь (2559,6), Чжу Цзиньэр (2549,6).
Өнер • 09 Маусым, 2026
Ұлттық орталық музейде Суретшілер одағының мүшесі Рысбек Ысқақовтың «Жанымның бақтары» деп аталған жеке көрмеcі есік ашты. Экспозицияда суретшінің ұлттық дәстүр мен уақыт тынысын бедерлеген 80-нен астам өнер туындысы ұсынылған.