Саясат • 24 Желтоқсан, 2024
Көлік-логистика саласына серпін қажет
Кеше Мәжілісте палата спикері төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағаты өтті. Онда еліміздегі көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру мәселесі қаралып, ол бойынша Көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Баяндамада министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді Еуразияның басты көлік логистикалық хабына айналдыру туралы тапсырмасының орындалу барысына және көлік саласының әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Құрылтай • 24 Желтоқсан, 2024
Ұлттық құрылтай аясында атқарылған жұмыс қорытындыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерінің қатысуымен өткен басқосуда жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Үкімет • 24 Желтоқсан, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда 26 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді және депутаттардың өңірлерге баратын сапарларына қатысты мәселелер талқыланды.
Үкімет • 24 Желтоқсан, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Үкімет • 24 Желтоқсан, 2024
Коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған кеңес
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалуы бойынша кеңес өткізді.