Үкімет • Кеше

Коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған кеңес

15 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалуы бойынша кеңес өткізді.

Коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған кеңес

«Энергетикалық және комму­налдық секторларды жаң­ғыр­ту» ұлттық жобасы инже­нер­лік желі­­лердің апатты мен тозу дең­ге­йін төмендетуге, коммунал­дық қызметтердің сапасы мен сенім­ді­лігін арттыруға бағытталған. Элек­тр энергиясын өндіру үшін 5 259 МВТ-қа дейін жаңа қуаттарды іске қосу бойынша 15 жобаны іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 14 нысанды жөндеу және реконструкциялау жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша қуаттылық 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда, қолданыстағы активтерді жаңарту тозудың орта есеппен 15%-ға төмендеуіне әкеледі. Жаңғырту барысында 86 мың шақырым коммуналдық желілерді қамту жос­парланып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энерге­тикалық және коммуналдық сек­тор­лардағы өзекті мәселелер рес­публика бойынша жөндеу қуатын арттыру және желілердің тозу деңгейі 65-70%-дан асатын өңірлерге баса назар аудару арқылы шешілетінін баяндады.

Тозу деңгейін төмендету бо­йынша: жылумен жабдықтауда – 53%-дан 40%-ға дейін, электрмен жабдықтауда – 62%-дан 45%-ға дейін, сумен жабдықтауда – 39%-дан 34%-ға дейін, су бұруда – 54%-дан 40%-ға дейін жоспарлы көрсеткіштер қарастырылған. 2029 жылға дейін бұл мақсаттарға 6,8 трлн теңге бағытталады. Қаржы жұм­салуының ашықтығын қамта­масыз ету үшін цифрлық теңгені пайдалану мәселесі талқыланды.

Премьер-министр әзірленген Ұлттық жобаның еліміздің тұрғын үй-коммуналдық секторы үшін және отандық тауар өндірушілерді қолдауды және мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін арттыра отырып, тұтастай алғанда экономиканы дамытудағы маңыздылығы атап өтті.

Ұлттық жобада импортқа тәуел­­­ділікті төмендету және жаңа жұ­мыс орындарын ашу үшін отан­дық өнеркәсіпті қолдауға ерекше назар аударылды. Эконо­миканың аралас салаларын, соның ішінде металлургияны, өңдеу өнеркәсібін және басқа да саланы дамытуды ынталандыратын 27 жаңа өндіріс салу жоспарланып отыр.

«Өмірлік маңызды секторлар – жылудың, энергияның және сумен жабдықтаудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті саналады. Ұлттық жобаны орындау тозған, кейбір жерлерде апатты жағдайдағы инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға мүмкіндік береді. Барлық жоба 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді. Бізге отандық бизнесті барынша тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажет», деп атап өтті О.Бектенов.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Ұлттық жоба бекітілгеннен кейін оның сапалы іске асырылуын қамтама­сыз етуді тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдына ТКШ өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың толық жүктемемен жұмыс істеуіне жағ­дай жасау міндеті қойылды.

Ұлттық жобаны іске асыру жос­парлары туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев, Энергетика вице-министрі Ә.Жа­мауов, Ұлттық экономика ми­нистрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.Дар­баев баяндады. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Т.Дүйсенова, Ұлттық банк төр­ағасы Т.Сүлейменов те пікір білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Энергетикалық және ком­муналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба тәсілдері мақұлданды.