Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
Баспа саласында басы ашылмаған мәселе көп
Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шығару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Бұл тұжырымды естіп, білгенімізбен еліміздегі баспа саласы мен кітап нарығының жағдайы оңалар емес. Мәселен, қазіргі таңда 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Сонда да қоғамда кітап өндірісінің имиджі төмен. Оған себеп, кітап басып шығаруда нақты жүйе мен маркетингтің жоқтығы. Содан болар, кітап сатудан түсетін табыстың тек 25 пайызы ғана отандық өнімге тиесілі.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2021
Ел тәуелсіздігінің мерейлі белесі («Ордалы елге отыз жыл» атты кітап көрмесі ашылды)
Ұлттық академиялық кітапханада ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ордалы елге отыз жыл» атты иллюстративті кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын екі мыңнан аса кітаптар қойылды.
Абай • 06 Қаңтар, 2021
Абай ақындығының алтын бастауы
Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абайдың біраз оқығандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отырған керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дейтін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді. Сол асқа Шүршіт Ғабитханды ала келіп: «Біздің ел дін жолына шорқақ, дінді жақсы ұстап тұрған Құнанбай, сен осының қолында қал», дейді. Ғабитхан бұл сөзге көнген соң, Шүршіт Құнанбайға Ғабитханды қалдырып кетеді. Құнанбай Ғабитханды аулына алып келіп, қазір Ескітам аталатын жерге медресе салады. Абайды және ауылдың басқа балаларын сол медресеге сабаққа береді. Бұл – Шыңғыс тауының өлкесіне бірінші орнаған медресе. Ғабитханның мұсылманша білімі қаншалық болғандығы туралы сақталған материал жоқ. Бірақ Құнанбай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жіберуіне қарағанда, Ғабитхан оншалық мол білімді адам болмау керек».
Таным • 06 Қаңтар, 2021
Түркістан легионы (Мұстафа Шоқайды көрген қарт майдангер Салықжан Қасенұлының әңгімесі)
1984 жыл. Алматы ауылшаруашылық институтының жеміс-жидек факультетін бітіріп, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Кеңес Одағының қос батыры Қашаған Жаманқараев, Рахымжан Тоқатаевтай ағаларымыздың кіндік қаны тамған Қаракемер совхозына қызметке барған кезім. Бір күні жұмыс орныма есекке мінген, артына қоңыр қодығы ілескен жасы алпыстан асып қалған бір ақсақал іздеп келді.
Спорт • 06 Қаңтар, 2021
Masters турнирінде бақ сынайды
Қазақстандық дзюдошылар жылдың алғашқы жарысын Дохадағы (Қатар) әлемдік Masters бәсекесімен бастайды. 11-13 қаңтар күндері жалауы желбірейтін додаға әлемдік рейтингте үздік 36 балуанның қатарына енген дзюдошылар шақыртылған.