Қоғам • Бүгін, 08:10
Кедергісіз орта: Нәтиже мен нақты қадам
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау, оларға қолжетімді орта қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі азаматтар құқықтық, әлеуметтік қолдаудан құр қалмаса, қоғамдық орындарға қысылмай, емін-еркін, біреудің демеуінсіз кіріп-шықса онда бұл мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның жеңісі деп айтуға болады.
Архив • Бүгін, 08:05
Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын айтулы жиында әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам қатысушы цифрлық трансформация және жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының келешегі жайында кеңесіп, талқылаулар өткізіп жатыр. Олардың қатарында архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің өкілдері, жетекші IT сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер бар.
Елорда • Бүгін, 08:02
Астананың елеулі экономикалық өсімі
Биыл алғашқы төрт айдың қорытындысында ел астанасы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарқынды өсім көрсетіп отыр. Астана инвестиция тарту, құрылыс көлемі, өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру қарқыны жағынан еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарында тұр. Бұл нәтижелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамыту мен жаңғырту, инвестиция тарту, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде іске асырудың арқасында мүмкін болды.
Қоғам • Бүгін, 08:00
Жаңбыр, найзағай, аптап ыстық: 10 маусым күнгі ауа райы болжамы
Бүгін елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Egеmen.kz.
Саясат • Бүгін, 07:55
Әл-ауқатты арттырудың негізгі факторы
Ел азаматтарының ақшалай табысының шамамен үштен екісі жалдамалы еңбек есебінен қалыптасады. Мұндай тұжырым Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды.