• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Көрмеге қатысатынын растады

225 рет
көрсетілді

Жел генераторларын өндіретін әлемдегі ең ірі «Vestas» корпорациясы ЭКСПО-2017-ге келеді Жуырда ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Дания Корольдігіне жұмыс сапары өтті. Копенгагенде комиссар Халық­а­ра­­лық көрмелер бюросының (ХКБ) президентімен, өткен халық­аралық көрмелердегі Дания павильонының бұрынғы директоры Стин Кристенсенмен, «Vestas» трансұлттық компаниясының вице-президенті Мортен Дирхольммен, Дания Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Йенс Кислингпен және «жа­сыл энергетика» саласындағы жетекші дат компанияларының топ-менеджерлерімен келіссөздер жүргізді. ХКБ президентімен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көр­месінің комиссары халық­ара­лық қатысушыларды тарту, павильон­дарды тақырыптық толтыру, сондай-ақ, Қазақстанның ХКБ алдын­дағы міндеттерін орындау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс­тар мен жоспарлар туралы айтты. Кристенсендал өз кезегінде, көр­мені өткізуге дайындықты жо­ға­ры бағалап, ЭКСПО-2017 көр­месі незінде БҰҰ бастамасымен «жасыл» технологиялар мен ин­вес­ти­ция­лық жобаларды дамыту ор­та­лы­ғын құру өзектілігін ерекше атады. «Vestas» компаниясының вице-президенті М.Дирхольммен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің шеңберінде ынты­мақ­тасу, соның ішінде Қазақ­стан­да баламалы энергетиканы дамытуға инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Дирхольм­нің пікірінше, «Vestas» ком­­па­ниясының мамандары жалпы қуаттылығы 40 мың МВт-ға жуық 41 жел генераторларын өнді­ріп, әлемнің 60-тан астам елінде ор­натқан және қазіргі таңда Орталық Азия нарығына енуге мүдделі. Кездесу қорытындысы бойынша «Vestas» компаниясы Астанадағы халықаралық көрмеге қатысып, инновациялық жел-энергетикалық қондырғыларын көрсететін болды. Дания СІМ-індегі келіссөз­дер барысында екіжақты саяси және сау­да-экономикалық қатынас­тар­дың, соның ішінде ЭКСПО-2017 көр­месі шеңберінде баламалы энергия, ғылыми-зерттеу және технология­лар трансферті салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті аспектілері қозғалды. Дания­ның энергетикалық стратегиясына сәйкес осы ел үкіметі 2020 жыл­ға дейін жылыжай газдарының шы­ға­рылуын 40%-ға төмендетуді және баламалы энергияның үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, сапар шең­берінде Дания мен Швецияның «Innoventum», «Haldor Topsoe» және «DBDH» сияқты ірі компаниялары үшін таныстырылым ұйымдастырылды.