• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Қырым татары қызы

437 рет
көрсетілді

«Евровидение» бас жүлдесін жеңіп алды Швецияның астанасы – Стокгольм қаласында мәреге жеткен «Евровидение» ән конкурсында украи­на­лық қырым татарының қызы, лирика-драмалық сопрано дауысты опера және джаз әншісі Жамала бас бәйгені жеңіп алды. Ол финалда қырымдықтар депор­тациясына арналған «1944» деген әнді орындады. Жамаланың шын аты-жөні – Сусана Алимқызы Жамалдинова. Шамасы, лақап атты да осы тегінен алса керек. Ол 1983 жылғы 27 тамызда Қырғызстанның Ош қала­сында туған. Кейінірек ата-анасы Қырымға көше­ді. Жас қыздың балалық шағы Алушта түбіндегі Малоре­чен­с­кое селосында өтеді. Әке-шешесі – музыканттар. Ана­сы керемет ән салады және музыкалық мектепте мұ­ға­­­лім болып жұмыс жасайды. Әкесі – дирижер. Олар бола­­шақ әншіні кішкентайынан музыкаға дайындаған. Сусана мен оның сіңлісі қатаң мұсылман тәрбиесінде тәлім алған. Қыздың өте жақсы дауысы бар екені үш жасында байқалған. Талантты бүлдіршін тоғыз жасында балаларға арналған әндері альбомын жаздырған. Алуштадағы музыкалық мектепте білім алған. Кейін Симферопольдағы музыка училищесінде оқып, опера вокалына маманданады. Кейін Киевте Ұлттық музыка академиясын бітіреді. Сусана оқып жүрген кезінен түрлі халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатыса бастайды. Соның бірі – «Қырым көктемі» конкурсында үшінші орын алады. Сонда «Додж-2001» арнайы сыйлығына да ие болады. Бұдан кейін белгілі саксофоншы Александр Новосельскийдің сүйемелдеуімен Мәскеуде өткен халықаралық конкурсқа қатысады. Бұдан бөлек, Италияда лауреат атанады.  «Егемен-ақпарат»