• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Бүгін, 12:22

Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті

60 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кедергісіз ортаны қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл бағытта Үкімет басшысы «әмбебап дизайн» стандарттарын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Премьер-министрдің айтуынша, мектептер, вокзалдар, дүкендер мен дәріханалар сияқты әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын бейімдеу ісі аса маңызды саналады. Бұл бағытта ұлттық стандарт қабылданғанымен, оны сапалы іске асыру және барлық меншік нысанындағы объектілерді бірыңғай талаптарға сәйкестендіру жұмысына бақылауды күшейту қажет.

Ұлттық жобаға ұмтылған кәсіпорындар

«Кедергісіз орта қалыптастыру үшін инфрақұрылым нысандарын бейімдеу ісінің маңызы зор. Ұлттық стандарт бар, оны сапалы жүзеге асыру үшін «әмбебап дизайн» және қолжетімділік қағидаларын енгізу қажет. Бұл талаптар міндетті түрде орындалуға тиіс», деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр жергілікті деңгейде ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірқатар өңірлерде нысандарды бейімдеу барысында қағазбастылық пен көзбояушылық фактілері әлі де кездеседі.

«Вокзалдар мен әуежайларда, сондай-ақ көлік құралдарында қолжетімді орта толық қамтамасыз етілмеген. Пойыздарды инвакупесі бар вагондармен жабдықтау қарқыны да баяу», деді ол.

Теміржол саласындағы өзгерістер: Инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Осыған байланысты Үкімет бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Өнеркәсіп және Көлік министрліктеріне 1 маусымға дейін «әмбебап дизайн» қағидаларын ведомстволық бұйрықпен бекіту тапсырылды. Сондай-ақ көлік саласындағы нысандардың қолжетімділігін кешенді түрде қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар