Гуманитарлық көмек және Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын жеткізілімдер бұл шектеуге кірмейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға қойылған тыйымды тағы алты айға ұзартуды ұсынды.
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді
Ұсынысқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа қатысты шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін, ал одақтан тыс мемлекеттерге экспортқа қатысты тыйым 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін қолданылады.
Бектенов: Елде бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады
Тыйым салынатын өнімдер тізіміне бензин мен дизельден бөлек, жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, газойльдер, толуол, ксилол және битум да енгізілген.
Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылды.