Автобус Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхва провинцияларының шекарасындағы Дана-Сар ауданында жолдан шығып кетіп, шатқалға құлаған. Жолаушыларға лық толы автобус жоғары жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белуджистан үкіметінің өкілі Шахид Риндтің айтуынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Оның сөзінше, автобуста тек осы рейстің жолаушылары ғана емес, бұзылып қалған басқа автобустан келген адамдар да болған, соның салдарынан көлік шамадан тыс толып кеткен.
Құтқарушылар қаза тапқандардың кім екенін анықтап жатыр.
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Аман қалғандардың бірі екінші автобустың жолаушылары мінгеннен кейін адамдар арасында жанжал шыққанын, содан кейін жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автобус шатқалға құлап кеткенін айтқан. Полиция бұл нұсқаны тексеріп жатыр.
Төтенше қызметтердің хабарлауынша, апат кезінде автобуста 48 адам болған. 8 жарақат алған адам Жоб қаласының ауруханасына жеткізілсе, 40 адамның денесі аудандық мәйітханаға тапсырылған.
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуін тіледі.