• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 01:55

Мысыр құрамасы Аустралияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустралия мен Мысыр құрамалары кездесті. Қос қарсылас арасындағы ойынның негізгі және экстра-таймы 1:1 есебімен аяқталды. Ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесуде есепті 13-минутта мысырлық жартылай қорғаушы Эмам Ашур ашты. Ал екінші таймның 55-минутында Мысыр қорғаушысы Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып, таразы басы теңесті.

Қос қарсылас арасындағы ойынның негізгі және экстра-таймында ешкім таблоға өзгеріс жасай алмаған соң, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.  Бұл сында Мысыр құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. 

Аустралия құрамасы топтық кезеңде D тобында екінші орынмен плей-оффқа шықса, Мысыр құрамасы да G тобында екінші орыннан көрінген болатын.

Осылайша, Мысыр құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде мысырлық команда Аргентина мен Кабо-Верде жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Әлем чемпионаты: Бүгін 1/16 финалдағы соңғы үш жолдама сарапқа салынады

Соңғы жаңалықтар