Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар өкілдеріне арналған семинар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Негізгі спикерлер болып ОСК мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі оқытудан өтеді
Семинар барысында сайлаудың ерекшеліктері туралы айтылып, сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу сұрақтары, мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сонымен қатар саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының қызметі туралы түсініктемелер берді.
ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауын халықаралық байқауды жүзеге асыру тәртібін бекітті
Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар алдағы сайлау науқаны бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы барлық сұрақтарға толық жауап алды.