• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Білім кеңістігінің биік өлшемі

236 рет
көрсетілді

Бүгінгі әлемдік деңгейде қалыптасқан экономикалық дағдарыс пен саяси қиыншылықтарға қарамастан Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастырудың және дамытудың жолдарын тынымсыз іздестіріп келеді. Ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, мұнай өңдеу саласындағы инновациялық бағыттармен қатар, ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнім көлемінің 3 пайызына дейін ұлғайтудың белгіленуіне қарап-ақ, бұл салаға мемлекеттік тұрғыда зор мән беріліп отырғанын аңғарамыз. Бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Елбасы: «Біз бұл жолдағы барлық қиындықты жақсы білеміз және осы сынақтардан сүрінбей өтіп, экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеуге тырысамыз», – деп атап көрсеткен болатын. Кез келген озық мемлекет өзінің саяси және экономикалық тәуелсіздігін, дамуының өркениеттілік деңгейін білім жүйесін жетілдіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асыратыны сөзсіз. Өйткені, осы салалар арқылы зияткерлік әлеует қалыптасады. Ал ғылыми қамтымды эко­номика құру, ең алдымен, Қазақстан ғылымының әле­уетін арттыру деген сөз. Бұл бағыт бойынша алда венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерт­теулер мен жаңашылдықты қолдау, сондай-ақ, ғылыми әзір­ле­мелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнамалық құжаттар әзірленіп, оны айна­лымға енгізу секілді мін­дет­тер тұр. 63-қадамда атап көрсетілгендей, ғылымды қажет ететін экономиканың не­­гізі ретінде инновациялық кластерлер бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжі­рибелік-конструкторлық жұ­мыс­тарды жүргізуге, оларды коммерцияландыруға қыз­мет етеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құры­лым­да­ры индустриялық-инно­ва­ция­лық даму мемлекеттік бағ­дар­ламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады (64-қадам). М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті өңірдегі іргелі білім ошағы ретінде қоғам­ның қажетті салаларын әлемдік стан­­­­дарттарға сәйкес келетін инновациялық технологиялармен, білікті мамандармен жан-жақты қамтып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының заманауи нәтижелері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сала­ларының қажеттіліктеріне ен­гізілуде. Елбасы тапсырмаларын және мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелерді орындауды ұйымдастыру бағытындағы ізденістер де қыруар. Мәселен, университеттің ғы­­лыми және ғылыми-зерт­­теу орталықтары мен зерт­ха­на­­­­­ларын өңірлік түрлі құры­лымдармен байланыстыру үшін ғылыми-технологиялық парк құрылды. Оның қызметінің не­гізгі ұстанымында зерттеу жұмыстарын кешенді жүргізу, теориялық білімді өндіріспен байланыстыру мәселелері бірінші кезекте ескеріледі. Біздің өңір табиғи-географиялық жағынан алғанда экологиялық таза өнім­дерге бай және оларды өндірістік қажеттіліктер мен адамзат тір­шілігіне пайдаланудың мүм­кіндіктері мол. Ғылыми-инно­вациялық үдерістің маңызды көрсеткіші ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік қол­данбалылығы, қазіргі тілмен айт­қанда, коммерцияландыру екені белгілі. Осыған орай, ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәти­желерін өндірісте қолдану және пайдалану мақсатында университет тарапынан арнайы шаралар жасалып, коммерция­ландыру орталығы ұйым­дас­тырылғанын айта кеткен жөн. Мысалды алыс­­­тан іздемей-ақ, айналамызды қоршаған ақ қайыңды ормандардың зор пайдалылығына тоқтала­йық. Университет ғалым­дары М.Леж­­­­нева мен А.Дюрягина табиғаттың дайын күйіндегі өнімін жан-жақты зерттеу арқылы адам өміріне қажет­ті косметологиялық заттар мен қатерлі онкологиялық ауру­ларға қарсы дәрі-дәр­мек шығару ісін өндіріске енгізді. Ақ қайың қабықтары қалдықтарына биологиялық белсенді қоспаларды қолдану және пайдалану арқылы бе­тулиннің жаңадан алынған өнімдері отандық медицина саласындағы жаңалықтар­дың бірі болып есептеледі. Ғы­лыми-зерттеу нәтижелері жо­­ғары дәрежеде бағаланып, Ресей тарапынан да үлкен қы­зы­ғушылық танытылып отыр. Солтүстік Қазақстан өңі­рі­нің экономикасы ауыл шар­у­а­­шылығына негіз­делгендіктен, бұл бағытта да ғылыми-зерттеу жұмыстары тиімді жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, «Тұқымды егілуге дейін белсенді сумен өң­деу» ғылыми жобасы бойынша Аққайың ауданына қарасты «Астраханское», Қызылжар ауданының «Березка-Агро» серіктестіктерінде бидай тұқы­мын белсенді сумен өңдеу ар­­қылы арнайы тәжірибе жаса­­лып, егілуге дейінгі өң­делген тұқым өнімінің шы­ғуына айтарлықтай әсер ете­тіні дәлелденді. «5 мың тонна сыйымдылығы бар автономды энергия көзін және сүрлемге арналған тәжірибелі нұсқадағы дәнсақтағыштағы дәнді дақылдарды сақтау және сұрыптау технологияларын құрастыру» ғылыми жобасы «Диқаншы» ЖШС-інде тәжірибеден өтуде. Ғаламдық мәні зор мәсе­ленің бірі – энергетиканың қар­қынды дамуы. Бұл– Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің та­қырыбы. Басты мақсат – энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру, өңір­лерге электр энергия­сын таратудың шығынын төмендету, тұ­ты­нушылар үшін электр энергиясының ақысын азайту (51-қадам). «Жасыл эко­но­миканың» тиімді жолдарын іздестіруді мақсат тұтқан ғалымдарымыз «Энергияны үнем­деуші қатты жанар-жағар­майлық қазан және қазандық» ғылыми жобасын «Болашақ энергиясы» көрмесіне ұсы­нып, республикалық онлайн «ЭКСПО-2017» конкурсының қоры­­­тындысы шеңберінде «ТОП-50» жобаларының қата­рына енді. Аймақтану мәселесін де назар­дан тыс қалдыруға болмайды. Қызылжар жері өзіндік ерекшеліктерге толы, тарихы мен мәдени құндылықтары бай. Бұл саладағы «Қазақстан тарихын зерттеу», «Этномәдени зерттеулер», «Археология» ғылыми орталықтарының ізденістері атап өтуге тұрарлық. Отан тарихының өзекті мәселе­лері мен аймақтың көне мұрасын жұртшылыққа танымал ету мақсатында белгілі ғалым З.Тайшыбайдың ұзақ жылғы тынымсыз еңбегінің бірі «Солтүстік Қазақстан облы­сының топонимдері» атты мо­нография­сы жарық көрді. Өмі­рінің негізгі бөлігін өлкенің көне құндылықтарын зерттеуге арнаған археолог А.Плешаковтың жетек­шілігімен «Заман тас­пасы» жобасы айналымға енді. Облыстың құрылуының 80 жылдығы қарсаңында өлкенің тарихын терең зерделеу үшін Қазақстан тарихын зерттеу ғы­лыми орталығы тың та­қы­­­рыптарға қалам тартып, «Солтүстік Қазақстан облы­сының қалып­тасу және даму тарихы», «Пет­ро­павл қаласының тарихы» атты магистрлік диссертациялар дайындалды. Бұл еңбектер хро­нологиялық жағынан одан әрі жалғастырылып, саяси, әлеу­­меттік-экономикалық, де­мо­графиялық, карто­гра­фиялық салалар аясында ғылыми-зерт­теу институтын құру көз­деліп отыр. Университет ғалым­дары­ның ғылыми еңбектері ISI Web of Knowledge (компания Thomson Reuters), Science Direct, SCOPUS және тағы басқа шетелдік басылымдарда жарияланып жүр. Жоғары оқу орнындағы жаңа­лықтардың бірі – жекелеген ға­лымдарды және шағын ұжымдық топтарды гранттық қаржыландыру жүйесіне бе­йімдеу, ұмтылдыру. Бүгінгі таңда ғылым және білім саласында кірігудің инновациялық түрлерін енгізу ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі болуына ықпал ететінін ескерсек, білікті де білімді, кәсіби шеберлігі жоғары мамандар әзірлеу ал­дыңғы орынға шығары анық. Ол үшін, бірін­шіден, қазіргі білім және технология жетістіктерін жете меңгерген оқу үдерісінде ғылыми-зерттеулерге тікелей қатысты тәжірибелі және ғылыми-техникалық кадрлар даярлау және білім сапасын жетілдіру қажет. Екіншіден, бюджеттік қар­жыны жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің кадр әлеуетін, ақпараттық және материалдық-техникалық ресурс­тарын іргелі және қол­дан­балы зерттеулерге жұ­мыл­­дыру керек. Үшіншіден, эко­­­номиканың кә­сіпкерлік саласымен белсенді байланыс орнату арқылы ғылыми-зерт­теу­лердің нәтижелерін ко­м­­­­­ме­р­­­­­ция­ландыру және эконо­микаға ендіру де – уақыт талабы. Ғылымның дамуы мем­лекеттің өсіп-өркендеуі деген ұлағатты қағиданы жадымызға тоқысақ, озық 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі мақ­саты­мыздың орындалуына еш күмән болмайды. Ақмарал ИБРАЕВА, тарих ғылымдарының докторы Солтүстік Қазақстан облысы