• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

«Асау жүрек» телехикаясының актері үйленді

1062 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 мамыр. Түркияның белгілі қос актері Кенан Имирзалыоглу мен Синем Кобал үйленді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үйлену тойына Түркияның  танымал актерлері мен әншілері келді. Барлығы 300 адам жиналған той жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 кезінде басталды. Некелері қиылғаннан кейін олар тілшілерге сұхбат берді. Мәліметтер бойынша, екеуінің шаңырақ көтеретіні осы жылдың қаңтар айында белгілі болған. Айта кетейік, Кенан Имирзалыоглу қазақстандық көрермендерге «Асау жүрек» телехикаясы арқылы таныс. Ол бұл сериалда басты рөлдегі Юсуф Мироглуны сомдаса, оның жары Синем Кобал «Сырлы Ыстанбұл» сериалындағы Су Мабенджи рөлі арқылы танылған. Кенан актерлігімен қатар модель болса, Синем дизайнер әрі фильмдер мен телехикаялардың сценарийін жазады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.