• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Аптап ыстықтан 459 адам зардап шекті

241 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 мамыр. Жапонияда 9-15 мамыр аралығында болған аптап ыстықтан 459 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, осы айдың алғашқы аптасында ауа райының күрт ысуынан 402 адам зардап шеккен. Термометр көрсеткіші қазір 30 Цельсий градусты көрсетіп тұр. Жапонияның метеорологтары Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо, Ла-Нинья климаттық құбылысының жүруінен биылғы жаздың ерекше ыстық болатынын мәлімдеді. Айта кетейік, аптап ыстықтан өткен жылы 100-ден астам адам қайтыс болып, 53 мыңы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер тұрғындарға күн астында көп жүрмеуге, бас киімдер киіп жүруге, сонымен қатар көбірек су ішуге кеңес берді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: meteovesti.ru.