туралы сериал күзде көрермен назарына ұсынылады
Аталмыш сериал бұрынғылардан өзгерек. Қазақ хандығының тағдырын бейнелейтін көптен күткен сериал осы күзде көрермен назарына ұсынылады. Қазіргі таңда түсірілім аяқталуға жақын. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2015 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп берген кезінде мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Үкімет тапсырмасымен қазір, отандық киноиндустрияны дамытудың тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Тағы бір қуанышты жаңалық, биылғы күзде жаңа бір туынды – «28 панфиловшылар» фильмі жарыққа шығады. Мәскеу түбіне таяп қалған 18 неміс танкісін тоқтатқан даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы туралы фильм Ресейдің Мәдениет министрлігімен бірлесіп дайындалған.
– Кино мәдениетін жаңа бір сатыға көтеретін уақыт келді. Бұл үшін құқықтық, салалық өзгерістер қажет. Қазіргі таңда «Қазақфильм» сияқты киностудиямыз бар. Алайда, біз сол студияның бар мүмкіншілігін пайдалана алмай келеміз. Мұның барлығын бір жүйеге келтіру қажет. Ең бірінші, көркем фильмдерді кең прокатқа шығатындай ету қажет. Себебі, жақсы фильмдеріміз түсірілгенімен, оларды халықаралық деңгейде көрерменге ұсынатын тетіктер жоқ, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»