• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Ақбөкен неге қырыла береді?

13932 рет
көрсетілді

Ғалымдардың айтуынша, еліміздегі 150 мың ақбөкеннің қырылуына ауа райының өзгеріске ұшырауы және жұқпалы індеттің кең таралуы себеп болған. Биыл зерттеушілер «дала аруларының» мынадай қырылуларын олардың тыныс алу жолындағы қауіпті бактериялардың шамадан тыс көбейіп кетуінен көріп отыр. Мұны ғалымдар да құптады. Өйткені, ауа райының күрт өзгеріске ұшырауы, яғни қыстың қаттылығы мен көктемгі кездің дымқыл келуі жануарлар ағзасындағы теріс ауытқушылыққа негізгі себепші болады екен. Ұлыбритания мамандарының айтуынша, жануарлардың қырылу эпидемиясы ауа температурасының күрт төмендеуінен және теңіз дауылы салдарынан орын алады. Шетелдік зоологтар сондай-ақ, киіктерде пастерелез ауруын алдын алуға бағытталған әдістер Қазақстанда жоқтың қасы дегенді алға тартады. Сонымен қатар, олар жануарларды егу жұмыстарының механизмі елімізде құрылмаған көрінеді. Енді шетелдік ақпарат көздері дерегіне жүгінсек, 25 жылға жетпейтін уақыт ішінде браконьерлер әлемдегі киіктің 95 пайызына жуығын қырып жіберген екен. Осының салдарынан аталған жануарлар мүлде жойылып кетуге шақ қалып тұр. Бүгінде Қиыр Шығыстың дәрі-дәрмек нарығында киік мүйізінің бір грамы екі фунт стерлингтен сатылады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың мамыр айында киіктердің жаппай қырылуы орын алған-ды. Осының салдарынан Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарының аумақтарында 150 мыңнан астам дала жануарының өлексесі табылған болатын. Бұл Қазақстан жерінде мекендеген барлық киіктердің тең жартысын құрайды. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»