• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Кремний өндірісі өрге баспақ

568 рет
көрсетілді

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарағанды облысындағы металлургиялық кремний өндірісі жөніндегі зауыттың дайындық жұмыстары және іске қосу» тақырыбында брифинг өтті. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында бірқатар деректерді алға тартқан «Tau-Ken Temir» ЖШС басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Қарағанды облысындағы металлургиялық кремний өндірісі жөніндегі зауыттың дайындық жұмыстары және іске қосу» атты инвестициялық-стратегиялық жобаны іске асыру жөніндегі оператор болып тағайындалғанын мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, жобаны жандандыру мақсатында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ-тың 100% еншілес ұйымы болып табылатын «Tau-Ken Temir» ЖШС 2014 жылы өндірістік кешеннің техникалық жағдайын бағалап, №1 пешті қайта іске қосты. Бүгінгі таңда «Tau-Ken Temir» ЖШС Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірден-бір металлургиялық кремний өндіруші болып табылады. Зауыттың өндірістік кешені әрқайсысының толық қуаты 30 МВА екі кенді термиялық пештен тұрады, сондай-ақ, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аталған кәсіпорынның шикізат базасы Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Жезқазған қаласының солтүстік-батысында 130 шақырымда орналасқан «Ақтас» кеніші. Бұл кеніштің кварцы жоғары тазалығымен ерекшеленеді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан»