• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Қанның қатерлі ісігі

564 рет
көрсетілді

аспириннің араласуымен  ауыздықталады Австралиядағы Глэдстоун институтының ғалымдары кәдімгі аспириннің қанның құрамындағы қатерлі ісік ауруы­ның алдын алып, ауыздықтап беретініне се­німді болып отыр. Бұған оқы­мыстылар дәрі құра­мындағы салицил қыш­қылы ісіктің дамуын тоқтатып, қатерлі аурудың бетін қайтаратын компонент екенін дәлелдеу арқылы көз жеткізіп отыр. Зерттеу барысында салицил қышқылының, сондай-ақ, одан бөлініп шығатын диф­лунизалдың бүкіл адам ағза­сының жасушаларындағы гендердің белсенділігіне жауап беретін екі ақуызды басып тастайтыны белгілі болған. Осы арқылы аурудың қарқын алуы да тежеледі. Мұның соңын ала Гер­ма­нияның Майнц универ­ситетінің зерттеушілері де қатерлі ісіктің алуан түрінің бетін қайтаратын бесаспап препарат жасап шы­ғарғандарын жария етті. Оның түйінді компоненті РНК-ны құрайтын нанабөлшектер болып табылады. Олар иммунды жасушалардың ішіне кіріп, ағзаның қатерлі ісіктерге қарсы қорғаныс қабілетін күрт арттырады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ