2016 жылғы 19 қаңтар , Астана қаласы
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) жоғарыда көрсетілген нысанды облыстық, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы
_______________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 25 қаңтар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрығына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп
Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан
Индексі: 2-шығындарды өтеу
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын адамдар тобы: Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Ұсыну мерзімі: Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15-күні
Жол коды Аумақ Үйде оқитын мүгедек балалар, адам Есепті кезеңнің басына төленбеген сома, мың теңге есепті тоқсан ішінде жыл басынан бергі кезең ішінде
тағайындалды төленді тағайындалды төленді
барлығы оның ішінде алушылар, адам сомасы, мың теңге орташа айлық мөлшері, теңге алушылар, адам сомасы, мың теңге орташа айлық мөлшері, теңге алушылар, адам сомасы, мың теңге орташа айлық мөлшері, теңге алушылар, адам сомасы, мың теңге орташа айлық мөлшері, теңге
ұлдар қыздар
А Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
1 Ауылдық жерлер
бойынша барлығы
2 Қалалық жерлер
бойынша барлығы
3 Облыс бойынша барлығы
* Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады
Басшы _____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы ____________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушының телефоны _____________________________________
Ұйымның мекен-жайы ________________________________________
Ұйымның телефоны __________________________________________
М.О
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және
төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне ұсынады.
2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеуге мониторинг жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек балалардың жалпы саны көрсетіледі;
5. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек ұл балалардың саны көрсетіледі;
6. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек қыз балалардың саны көрсетіледі;
7. Нысанның 4-бағанында мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің есепті кезеңнің басына төленбеген сомасы көрсетіледі;
8. Нысанның 5-10-бағанындарында есепті тоқсан ішіндегі барлық мәліметтер көрсетіледі:
а) Нысанның 5-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
ә) Нысанның 6-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
б) Нысанның 7-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
в) Нысанның 8-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
г) Нысанның 9-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш берушіні есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
ғ) Нысанның 10-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
9. Нысанның 11-16-бағандарында жыл басынан бергі барлық мәліметтер көрсетіледі:
а) Нысанның 11-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
ә) Нысанның 12-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
б) Нысанның 13-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 12-бағанды 11-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады;
в) Нысанның 14-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
г) Нысанның 15-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
ғ) Нысанның 16-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 15-бағанды 14-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13109 болып енгізілді.