• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Ұлттық құндылықтар ұлттарды ұйыстырады

507 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Журналистер клубы­ның кеңейтілген отырысы өтті. Шараға ҚХА Төраға­сының орынбасары – Хатшы­лық меңгерушісі Ералы Тоғ­жанов пен Мәжіліс депутаттары және бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатыс­ты. Алқалы жиында отан­дық БАҚ саласын жаңғыр­та отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік­ті нығайту, «Мәңгілік Ел» Пат­риоттық актісін ілгері­лету мен оны жұртшы­лыққа түсіндіруде ҚХА Журналистер клубының рөлі талқыланды. Е.Тоғжанов ең алдымен тіл мәселесіне тоқталып өтті. Тіл – ұлттар  татулығын сақтап, бейбіт заманда мамыражай ғұмыр кешудің бірден-бір тетігі. Ол қай кезде де қоғамның қызу талқысында, жұртшылықтың назарында болып келетін дүние екендігін бәріміз білеміз. Сондықтан да Ассамблея ұлттар ынтымағын арттырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қандай үлес қосып жатқанын осындай іс-әрекетімізбен нақты көрсеткіміз келеді. Бұл бағытта атқарып жатқан ауқымды шараларымыз аз емес. Соның бірі – БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс іс­теу арқылы ынтымағымызды сақ­тау, татулықты ту етіп, бере­ке-бірлікті дәріптеу, деді ол. Отырыста ұлттарды ұйыстыруға шақыратын ұлттық құндылықтарды ақпараттық насихат ретінде кеңінен қолдану керектігі де айтылып, ондай пікір қызу қолдауға ие болды. Бұл мәселені «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп көтерді. Ол «Мәңгілік Ел» Патриоттық ак­тісін ілгерілету мен түсіндірудегі ҚХА Журналистер клубының рөлі» атты тақырыпта сөйлеген сөзінде бірқатар мәселені сөз етті. Солардың ішінде ерекше атап өткім келетіні Мемлекет басшысының бастамасымен шығарылған ұлттық байлығымыздың бірі – «Қазақтың мың әні мен күйі» деген ғажап жобасы еді. Осындағы ән мен жыр, күйлерімізді татулығымызды айрандай ұйытуға неге кеңінен қолданбасқа?! Мәселен, бабадан қалған осындай байлықтарымызды мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы радиотолқындық жиі­лік­тер мен телеэкрандардан неге көрсетпейміз?! Бұл жерде жүз­ден астам ұлт өкілдерінің тұрақ­тылығын сақтаған мемлекет ретінде міндеттеуге хақымыз бар шы­ғар. Асылында, мұндай ұлттық құн­ды­лықтарымыз ұлттарды ұйыстыра түсетіндігіне бек сенімдімін, деді Н.Жүсіп. Сондай-ақ, ол өз сөзінде халық бірлігін сақтауда мәдени байланыс пен салт-дәстүрді ұштастыратын қарым-қатынастар туралы айта келе, отандастар арасында өтетін «Тілашар тойлар» кеңінен насихатталса деген пікірін білдірді. Сонымен қатар, ол әріптестерімізді ұлттар арасындағы татулықты баян­дауда «өзге ұлт» деген тіркестің «өзге» сөзін сақтана қолдануға шақырды. Себебі, оның пікірінше, мұндағы «өзге» сөзі өз отандас­тарымызды шеттеткендей реңк береді. Жалпы, жиында айтылған ой-толғамдар нобайы негізінен екі мәселе төңірегінде өрбіді. Оның бірі – Ассамблея аясындағы Жур­налистер клубының жұмысын же­тілдіру болса, екіншісі – ұлттар арасында ұлттық құндылықтарды мей­лінше насихаттау, тарату, таныту. Алғашқы бағыт бойынша алдағы уақытта ҚХА өкілдері мен осы ұйым атынан сайланған Мәжіліс депутаттары және БАҚ жетекшілері жергілікті жұртшылықпен еркін пікір алмасу үшін жоспарлы түр­де аймақтарды аралайтындығы бе­кітілсе, екінші бағыт бойынша жиында айтылған ұсыныс, пікірлердің ешбірі де назардан тыс қалмай, жүзеге асырылатын болып шешім қабылданды. Осылайша, Ассамблеяның оты­­ры­сында ұлттық құндылық­тары­мызды ұлттарға кеңірек насихаттап, үйретуге үндеген ойлар үстемдік құрды. Жиын соңында Ера­лы Лұқпанұлы бірқатар БАҚ басшылығы мен өкілдерін төл ме­рекелерімен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі мен Ассамблея атынан Алғыс хаттар тапсырды. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»