• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2016

«Алтын адам»

336 рет
көрсетілді

аймақтарды аралап кетті Тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығына орай еліміз бойынша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур бас­тау алды. Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық музейі ұйым­дастырып отырған мә­дени саяхат алдымен Орал қаласына табан тіреді. Оралдық көрермендер Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі – «Алтын адам» жәдігерін тамашалап, арнайы бағдарламаның куәсі болды. «Алтын адам» – халқы­мыз­дың ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қа­ла жұртшылығы мен қонақ­тары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жә­дігер­мен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тама­шалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерек­ше қызығушылығын тудырды. Астаналық музейді араламағандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» таныстыру бейнеролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айнал­ған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныс­тырылмақ. Көрмені тамашалау тегін жүргізіледі. Бұдан әрі көрме Ақтөбе қаласында жалғасады.  «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар