• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2016

Ел мәртебесін көтерген ерекше оқиға

295 рет
көрсетілді

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Әбдімүтәліп ӘБЖАППАРОВПЕН әңгіме – Ректор мырза, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүшелікке сайлан­ды. Бұл нені білдіреді? – Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­ды­ғы қарсаңында Қазақ­стан Рес­публикасы Азия тобы мем­ле­кеттерінің атынан Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға уа­қытша мүшесі болып сай­лануы дәуір тынысындағы тари­хи оқиға деп бағаланады. Бұл көптен күткен жағдай еді. Өзіңіз білесіз, кешегі 28 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудің нәти­жесінде үмітіміздің ақталғаны мәлім болды. Мынаны қараңыз, дауыс беруге қатыс­қан­дардың арасынан 138 мемлекет Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Қазақстандық өтінімнің жалғыз бәсекелесі – Таиланд Корольдігі үшін 50-ден астам мемлекет дауыс берді. Осының өзі ел абыройының биікте екендігін көрсетеді. Сұрағыңыздың жауабы осыдан өрбіп жатқандай емес пе? Қазақ еліне құтты болсын айтқым келеді. – Мынадай жағдайға екпін түсіре кет­кіміз келеді. Біздің еліміз БҰҰ Жар­ғысы бойынша жаһандық қауіп­сіз­дік пен бейбітшілікті сақтауға өкі­лет­тенген ең маңызды саяси органның құ­рамына тарихта бірінші болып сай­лан­ған Орталық Азияның мемлекеті болды. Не үшін? – Ештеңе жайдан-жай болмайды. Бүгінгі нәтиже –  Қазақстанның және  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасының халықаралық деңгейдегі биік беделінің, оның жаһандық және өңірлік мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздану мен оны таратпау мәселелерін ілгерілетуге қос­қан бірегей үлесінің жарқын айға­ғы. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов таратып айтты. – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану дәп қазіргі күні өзекті болып отырғаны белгілі. Үміткер өзге мемлекеттен оза түсуіміздің себебі неде болып тұр? – Тәуелсіз Қазақстан өзінің ширек ғасыр­лық тәлімді кезеңінде әлем дидарын­дағы өзіндік бет-пердесін танытты. Осы­нау тарихи өлшемдегі қысқа мерзімде мем­лекетіміз бейбітсүйгіш дәйекті сыртқы және ішкі саясатының халықаралық қоғам­дас­тықта жоғары құрметтелетінін дәлел­деді. Біз мұндай өсу кезеңінен өтуіміз керек. Уақыт талабы сондай. – Нақтылыққа құрылған түйінді дұрыс дейтініміз бар. Ендеше, жоғары білім саласына, өзіңіз басқарып отырған университет өмірінде қандай сілкініс болады деп санайсыз? – «Ойлайсыз» дегеніміз дұрыс шығар. Кесіп айтуға бара қоймағанымызбен, алдағы қадамдарымыздың барлығы білім орда­ларынан басталатындықтан, универ­си­тетіміз мемлекеттік саясаттың ілгері легінде болатыны айқын. Президент өз Жол­дауында Қазақстан халқына үлкен жауапкер­шілік артылғанын және өз отандас­тарына сеніммен қарайтынын, бүгінгі дағ­дарыстар мен бөгеттерді бірігіп жеңе алатынын айтты. Әсіресе, «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парын жүзеге асыру терең білімділікті, біліктілікті, шеберлікті қажет етеді. Ал ол – болашақ үшін кез келген мамандықты толық әрі білікті игеру деген сөз. Яғни, білім мен ғылым көзін жетілдіруге бағыттайды. Бұл ретте, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖОО студенттерінің шәкіртақыларын 25 пайызға көтеру арқылы жастардың білім алуына қолдау көзделіп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жастарын «бі­лім­ді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға, жұмыс пен сұранысы бар өңірге батыл қадаммен баруға, шеберлікке қол жеткізуге шақырып, жоғары оқу орындары мамандарына, педагог ғалымдарға білім беруде, кәсіби маман даярлауда үлкен жауапкершілік жүктеді. Ол үшін білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім алу мен білім берудің, оқы­тудың халықаралық талаптарын меңгертудің маңызы зор. Осы орайда, солтүстік өңірдегі 50 жылдан астам тарихы бар университетте атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар белгіленген міндеттермен өз үйлесімін тауып отыр деп айта аламыз. Аталған білім ордасында үздіксіз білім берудің нақты жүйесі құрылған. – Таратыңқырап айтсаңыз жөн болар еді. – Қазіргі уақытта аталған білім шаңы­рағы бакалавриат, магистратура және докто­ран­турадан тұратын көпдеңгейлі құрылым болып табылады. ЖОО бакалавриаттың 54 мамандығы бойынша және магистратураның 27 мамандығы, PhD докторантураның 4 ма­мандығы бойынша (математика, тарих, филология, шет тілі: екі шет тілі) оқыту қызметін көрсетеді. Аталған  оқу орда­сын­да оқу үрдісін заманауи білім беру тех­но­логиялары негізінде жаңғыртуға, маман даярлаудың сапасына, ғылыми-педаго­гикалық кадрлардың әлеуетін нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Материалдық-техни­ка­лық базаны нығайту мақсатымен физика­лық, химиялық, техникалық және ауыл шаруа­шылығы зертханалары жаңадан жабдық­талып, ғылыми-өндірістік кешен құрылды. Қазақ елінің жаңа сатыға көтерілуінің басты негізі, үкілі үміттеріміздің берік тірегі болмақ. Бүгінгі жетістіктеріміз – Елбасы алдымызға бұған дейін де қойған мін­деттердің тиянақты орындалуының көрінісі. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне сайлануы болашағымыздың баян­ды­лығын айқындайды. Әңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы