2016 жылғы 28 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 147 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 19 наурыздағы №147 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 28 маусымдағы №380 қаулысына қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту»
басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс
күшін тартуға арналған квоталар
Жобаның атауы Өтініш
беруші Іске асыру орны Іске асыру мерзімі Квота (адам)
1 2 3 4 5
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» «SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd» Қазақстандық филиал Атырау қаласы, Атырау облысы 2013-2016 жылдар 2016 жыл: 2050