Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, игілік және жұмысына табыс тіледі.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей Президенті Елбасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.