• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастауда

317 рет
көрсетілді

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 139 елдің арасында 39-шы орында. 2016 жылғы 6 шілдеде Дү­ние­жүзілік экономикалық форум (ДЭФ) әлемнің түрлі елдерін­дегі желілік дайындық индек­сін анықтау бойынша зерттеу нәтижесі көр­сетілген жыл сай­ын­ғы «Ақпарат­тық технологияларды дамыту бойынша жаһандық есепті» жариялады. Биылғы жылы әлем елдері көрсеткіштердің төрт категориясы бойынша бағаланды: Технологияларды құру мен пайдалану үшін жалпы орта; АКТ-инфрақұрылымдардың қолжетімділігі тұрғысынан желілік әзірлік; Жаңа технологияларды үкіметтің, жеке сектордың және жеке тұлғалардың пайдалануы; Жаңа технологиялардың экономикалық және әлеуметтік ықпалы. Өткен жылмен салыстырғанда көш басындағы үштік – Сингапур, Финляндия, Швеция өзгерген жоқ. Қазақстан ТМД елдері ара­сында көшбасшы орынға тұ­рақтап, өңірлік рейтингті бас­тап тұр. «АКТ саласындағы заңнаманы дамыту» көрсеткіші бойын­ша Қа­зақстан 2015 жылғы көрсет­кіштен (48 орын) 10-орынға жоғарылап, 2016 жылы 38-орынға тұрақтады. «Мектептерде интернетке қол­жетімділік» көрсеткіші бойынша еліміз бір жыл ішінде 15-деңгейге көтеріліп, 41-ші орынға жетті. «Бизнесті ашу үшін қа­жет­ті уақыт» және «Бизнесті бас­тау­ға қажетті процедуралар саны» көрсеткіштері бойынша Қа­зақ­стан әлем елдерінің алғашқы отыз­дығына енеді. Бұл ретте біз бір жыл ішінде көрсеткіштерімізді екі есеге арттырып, қазіргі уақытта сәйкесінше 26 және 22-орындарға жеттік. «Егемен-ақпарат»