• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2016

Алматыда жаңа бағыттағы жолдар ашылды

422 рет
көрсетілді

Алматының бүгінгі нөмірі бірінші, ең көкейтесті мәселесі – көлік кептелісі. Құрылысы 2011 жылы басталып қазір пайдалану үстіндегі Алматының күншығыс айналма жолының (7,8 шақырым) бір тармағы халықаралық әуежайға барып тіреледі. Қала ішіндегі күре жолдың бірі – Төле бидің сол айналма жолға (Әл-Фараби даңғылына) қосылуына 110-ақ метр жер қалған. Қала халқы көптен күткен екі көше қосылып, жаңа бағыттағы көліктік жол айрығы ашылды. Қала тұрғындары шын қуанышын жасыра алмады. Сарапшылардың айтуынша, осы жол қиылысы арқылы бір тәулікте 60 мың автокөлік жүріп өтеді әрі аумақтағы жол кептелісі белгілі бір мөлшерде азаяды. «Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің болашағы үшін қаншама инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асып, жолдар салынып, жаңадан жұмыс орындары ашылып келеді. Алматының көліктік-логистикалық мүмкіндігін кеңейту мақсатындағы бүгінгі шара сондай үлкен істің бір ғана кішкентай көрінісі», – деді қала әкімі Бауыржан Байбек. Аталған жол айрығы расында да қаланың бұрынғы «Саяхат» автобекеті аумағынан басталатын – Райымбек, Сүйінбай, Фурманов, Пушкин, Жангелдин көшелеріндегі кептелісті төрттен бір есеге азайтады екен. Қаланың солтүстік бағыттағы көлік легінің кептеліссіз жүруін қамтамасыз ететін Рысқұлов пен Сайын көшелеріндегі жол айрығы таяу арада бітуге әзір. Бөкейханов көшесіндегі шеңберлі көпір алдағы 2017 жылы пайдалануға беріледі. Талғат СҮЙІНБАЙ
Соңғы жаңалықтар