• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2016

Үшқоңырдың бал шырыны

334 рет
көрсетілді

    Алматы облысы, Қарасай ауданында австралиялық қондырғының көмегімен жемісті сығу арқылы Қазақстанда ең бірінші болып «ECO JUICE» шырыны шығарылуда. Дәмі тіл үйіретін бал шырынның ерекшелігі құтысында болып тұр. Қант пен бояуды жолатпай тек же­містің сөлі ғана сығып құйылған ыдысын ашып, шөліңізді басқан соң қалғанын үш айға дейін сақтауға болады. Осы уақыт аралығында сусынның дәмі бастапқы қал­пынан өзгермей балғын қалпын сақтайды. Республикамызда ал­ғаш рет қолданысқа енген бұл тех­нологияның басты ерекшелігі немесе ұтымды тұсы сусын құйы­латын бэгинбокс – қораптағы қалта деп аталатын пакетке шағын шөлмек орнатылған. Тұтынушылар алма, алмұрт, сәбіз және қызылша шырынын өзге тетропакеттер сияқ­ты емес, тек қораптағы белгіленген орын­нан осы шөлмекті шығару арқылы ыдысқа құйып ішеді. «Ауданымыздағы 100-ге жуық бау-бақша бірлестігінен жиналған өнім іріктеліп, өңделген соң осы өндіріс орнында бір сағатта 500 литр шырын шығарылады. Со­нымен қатар 150 кило алма тосабы алынады. 2008 жылы «Kazakh Cool» деген атаумен өз ісін бас­­таған серіктестіктің негізгі мақсаты жемісті өңдеп, сақтау болатын. Бірден 2200 тонна өнімді гер­маниялық технология арқылы ұзақ мерзімге дейін сақтай алатын камераларымен ерекшеленеді. Заманауи жоғары технологиялы жеміс-жидек қоймасы қазіргі таңда тек атауын өзгертіп қана қой­­­май, жаңа серпілістер мен мүм­­кіндіктерге жол ашып отыр. Осылайша, нарыққа жаңа жылдан бастап шығып, ешқандай қантсыз, қоспасыз дәмі тіл үйіретін шыры­ны алдағы уақытта қазақстан­дық дүкен сөрелерінен ғана орын ал­ып қоймай, алыс-жақын шетелдерге де экспортталмақ», деді Қа­ра­сай ауданының әкімі Махабат Бигелдиев. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы, Қарасай ауданы