[caption id="attachment_52564" align="aligncenter" width="560"] Фото: rbc.ua[/caption]
Қытайда толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. Аспанасты елінің солтүстігінде табиғат апатынан кем дегенде 75 адам опат болды.
segodnya.ua ақпары бойынша, із-түзсіз жоғалып кеткендердің қатары 70 адамнан асқан екен.
Мәліметтерге қарағанда, Қытай астанасында тосын табиғат апатынан әуе рейстері кейінге шегерілді. Сонымен қатар, темір жолдар да уақытша өз жұмысын тоқтатты. Ондаған мың тұрғындар қауіпті аймақтан көшірілді.
Айта кетейік, алғашқы жартыжылдықта осыған ұқсас төтенше жағдайлардан 576 адам қаза тапқан екен. Сонымен қатар, 600-ге жуығы із-түзсіз жоғалып кеткен.
Осыдан бірер апта бұрын Янцзы өзені тасып, 300-ге жуық адам опат болып, 93 адам хабар-ошарсыз кеткен. 1508 округ пен 28 провинцияда су тасқыны болу мүмкіндігі алдын ала хабарланған болатын. Ал жалпы шығын көлемі 147 миллиард юань, яғни 22 миллиард долларды құраған.
Аян ӘБДУӘЛИ