• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2016

Астанада азық-түлік бағасына қатысты мониторинг жүргізіледі

378 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52598" align="aligncenter" width="560"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Бүгін қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті. Оған қалалық өкілетті органдардың, статистика департаментінің, Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитетінің, «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ, елорданың ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңес барысында Мемлекет басшысының Астана қаласында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған шаралар талқыланды. Әсет Исекешев әлеуметтік-маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу, сауда орындарының санын арттыру, автодүкендер ашу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты еліміздің бірқатар өңірлерімен ауылшаруашылық өнімдерін тікелей жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, қала басшысы азық-түлік тасымалдаушы көліктерге «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тапсырма берді. Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер ассортименті де кеңейтілмек. Ет және сүт өнімдерін тексеруге арналған мобильді зертханалар орнатылады. Қалалық әкімдіктің өкілдері жәрмеңкелердегі бағаны ұдайы бақылауда ұстайды. Ал аталған комитет тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады. Осы мәселе бойынша қабылданатын шараларды үйлестіру үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала басшысының жеке бақылауына алынды. Аян ӘБДУӘЛИ