[caption id="attachment_52637" align="aligncenter" width="560"] eurosport.ru[/caption]
Осы күндері Францияда «Тур де Франс» көпкүндігі өтіп жатыр. Оған «Астана» велокомандасы да қатысуда. Бүгін осы жарыста жүрген әріптесіміз Дина Ысқақованың egemen.kz сайтына қазақстандық команданың көпкүндіктің келесі кезеңіне дайындығы, «Тур де Франс» велобәйгесінің тыныс-тіршілігін көрсететін фоторепортажын ұсынамыз.
«Тур де Франс» көпкүндігінің 18-ші кезеңі Рона Альпы аймағында орналасқан Салланш қалашығында басталды.
17 шақырымға созылған таулы жеке есеп сыны Монблан, Аравис, Фосини тауларының етегінде жатқан Межев қаласында аяқталды.
«Астана» шабандоздарынан сөреге бірінші болып Алексей Луценко шықты. Олимпиадаға дайындықты ТДФ-тан бастаған Алексейдің келесі жарысы – «Сан Себастьян» велобәйгесі.
Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров пен спорттық менеджер Дмитрий Фофонов Танел Кангертке кеңес беріп жатқан сәт. Дмитрий Фофонов кезең алдында велосипедіне мініп, жарыс жолын өзі көріп қайтқан болатын. Сондықтан оның шабандоздарға айтар ақылы-кеңесі көп.
«Астана» шабандоздары сөреге шығар алдында дене қыздыру жаттығуларын өткізуде.
Команда тұрағына Винченцо Нибали келді.
Фабио Ару мен Винченцо Нибалидің жанкүйерлері белсенді.
Команда капитаны Фабио Ару.
Сөреге шығатын спортшылардың велосипедтерінің дайын болуына команда механиктері жауапты.
Команданың спорттық директоры Джузеппе Мартинелли Фабио Аруға кезең алдында бүгінгі жолдың ерекшеліктерін түсідіріп жатыр. Команда жаттықтырушылары Фабио Арудың алдағы екі таулы кезеңде жалпы есепте үштікке енуге мүмкіндігін жоғары бағалауда.
Фабио Аруды қолдауға келген інісі.
Команданың спорттық менеджері Дмитрий Фофонов ақпарат құралдарына берген сұхбатында Фабио Арудың бүгінгі нәтижесіне бас бармақпен бағасын берді. «Көпкүндіктердің үшінші аптасына қарай бабына келетін шабандоз алдағы таулы кезеңдерде үздік үштікке енуге мүмкіндігі зор», дейді ол.
Команда капитаны Фабио Ару: «Крис Фрум мықты шабандоз. Бірақ мен уақыт айырмашылығын қысқартуға және команда басшылары қойған тапсырманы орындауға барымды саламын. Қазіргі бабымды өте жақсы бағалаймын. Жарыс нәтижесін соңғы екі таулы кезеңде анықтаймыз», деді ол.
Жарыс аяқталысымен команда механиктері велосипедтерді келесі кезеңге дайындау шаруасына кірісіп кетті.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: Дина ЫСҚАҚОВА