• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2016

Ұлттық экономика министрі мен Астана әкімі базарларды аралады

256 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаладағы базарларға барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларымен танысты. Олар «Шарын», «Шанхай», «Шапағат» базарлары, «Еуразия» сауда орталығы мен «Магнум» супермаркетінің сатушыларымен әңгімелесті. Базарлар мен дүкендерді аралап болғаннан кейін Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев: «Бүгінгі күннен бастап өнімдер бағаларының негізсіз көтерілуі туралы барлық фактілер мен өтініштер бойынша тексеріс басталады. Әсіресе әлеуметтік маңызды тауарларға қатысты тексерістер болады. Ол еліміз бойынша жүргізіледі», деді. [caption id="attachment_52642" align="aligncenter" width="560"] Ұлттық экономика министрлігі[/caption]  Дастан КЕНЖАЛИН