• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2016

Америкалық экстремал әуеден парашютсіз секірді (видео)

332 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54005" align="aligncenter" width="560"] twitter.com[/caption] Аса тәжірибелі америкалық скайдайвер Люк Эйкинс сенбі күні 7,6 шақырым биіктіктен парашютсіз секіріп, жерге аман-есен түсті. Оның қауіпті трюгін Fox телеарнасы тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлады inform.kz. Люк Эйкинс әуеде екі минут еркін қалықтап, биік крандар арасына тартылған торға келіп құлады. Ол аумағы футбол алаңының үштен бірін құрайтын арқан торға дәл түсіп аман қалды. Айта кетейік, бұған дейін Люк Эйкинс әуеден 18 мың мәрте секірген. Оның 30-ында ол қосалқы парашютті қолданған. Сондай-ақ, экстремал атышулы «Темір адам» фильміндегі барлық трюктерді өзі орындаған. Қазіргі уақытта элиталық парашютшілерді жаттықтырумен айналысады. https://youtu.be/g8j0YFzmqWc Айдар ӨРІСБАЕВ