• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Он жастағы рекордшы

399 рет
көрсетілді

Балалар арасында әлем рекордшысы, кеудені жерден көтеруден Қазақстан рекордтар кітабына төрт мәрте кірген Әмір Махмет Олимпиадаға қатысатын спортшыларды қолдау ретінде жаңа рекорд жасады.   Ол кеудесін жерден 1 000 рет көтерді. Көрсеткішті КИнЭС Қазақстан рекордтар кіта­бының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеді. Әмір Махмет алғашқы рекордын былтыр 1 маусымда «Балаларды қорғау күні» мере­кесіне орай Bar Bars командасы ұйымдастырған Street Workout бойынша жазғы маусымының ашылу салтанаты кезінде жасады. Сол кезде кеудесін жерден 450 рет көтерген болатын. Екінші рекордын Street Workout-тан өткен Ақмола облы­сының чемпионатында енгізді. Ол 30 минутта кеудесін жерден 50 рет көтерді. Ал үшінші рекордын былтырғы жыл­дың қыркүйегінде Қазақ хан­дығының 550 жылдық мерейтойы аясында өткен шарада жасады. Әмір Қазақ хан­дығының 550 жылдығына байланысты кеудесін жерден 550 рет көтеріп, тағы да рекордшы атанды. Бұдан кейін балалар арасындағы әлемдік рекордын бокстан кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегіне қолдау ретінде тіркеді. Әмір – Астанадан 40 ша­қы­рым жерде орналасқан Қа­жымұқан ауылының тұр­ғыны. Оның ағасы Айдар Мах­метов Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, каратэ және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін Еуропа чем­пионы. Атасы Әлімжан Мах­метовтің спорттың алты тү­рінен разряды бар. Тағы бір ағасы Азат Махметов бокстан Қазақ­стан чемпионы, Қазақстан құрамасы мен «Астана Арланс» командасының мүшесі. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»