Ресейдің Челябі облысында «Туған жер» атты қазақ мәдениетінің фестивалін ұйымдастырушылар бір тонна ет тамағын асып, келген жұртты ел-сел етті.
Ата-бабамыздың көзіндей болып келе жатқан бұл қазақша ет мерекеге қатысушылар мен қонақтарға молынан жетті. Одан 10 мыңнан астам адам дәм татты.
Челябі қазақтарының алғауымен өткен фестивальде сондай-ақ әндер мен ұлттық киімдер үлгілерінің конкурсы керуен керді. Оның қорытындысында «2016 жылдың үлгілі әжесі» атағына Қыным Ішімова деген зейнеткер кісі ие болды. Ал үздік киіз үйлер сайысында Троицк қаласының «Арман» қазақ орталығы жеңіске жетті. Сол сияқты үздік киімдер жөніндегі бәсекеде Бредин ауданында тұратын қазақтар алдарына жан салмады.
Мерекенің соңы ат жарысымен және қазақ күресі турнирімен аяқталды.
Мұрат АЙТҚОЖА