• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

«Нұрлы жол» аясында 77 мектеп пен 19 балабақша салынып жатыр

398 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 13 мектеп пен 8 балабақша салынды, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. «Биылғы жылы Ұлттық қор қаражатынан білім беру нысандарын салуға 57,9 млрд. теңге бөлінді, соның есебінен 96 нысан салынып жатыр, оның ішінде 77 мектеп және 19 балабақша», – дейді «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларын таныстырған Б.Асылова. Сондай-ақ ол 13 мектеп пен 8 балабақша биыл салынғанын айтып өтті. Динара БІТІКОВА