• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

Ауылда тауар өндірушілер 71,1 млрд. теңге қаржы алады

228 рет
көрсетілді

Биыл көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд. теңге сомасында бюджеттік несие берілді, ол холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлінді, деп мәлімдеді Үкіметтің бүгінгі селекторлық отырысында «ҚазАгро» холдингі» акционерлік қоғамының егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов. Оның айтуынша, «ҚазАгро» холдингі ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін 3420 заңды тұлғаны бюджеттік несие қаражаты және бюджеттен тыс қаржы көздерінің есебінен жалпы сомасы 71,1 млрд. теңгеге  қаржыландырған. «Мамандандыру және егістік алаңына дәнді дақылдар егудегі үлес бойынша қаражатты игеру кезінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер белсенділік танытты. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының желісі бойынша ауыл шаруашылығына қажет егістік техникаларын сатып алуға 15,2 млрд. теңгеге 954 қаржы лизингі шарты жасалып, 594 трактор, 131 тұқым сепкіш және басқа да егістік техникасы жеткізілді. 503 ору-жинау техникасын сатып алу үшін 9,2 млрд. теңге жұмсалды, соның ішінде 7,3 млрд. теңгеге 160 бірлік комбайн сатып алынды», – деді вице министр. Динара БІТІКОВА