• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Рио-2016: Ниджат Рагимовке чемпион болу үшін не істеу керек?

577 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Рио Олимпиялық ойындарында қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рагимовтің қатысуымен қытайлық Олимпиада чемпионы Люй Сяоцзюнь арасында да тұғырдағы текетірес өтуге тиіс. Біздің саңлақтың бұл жолы бәсекелесінің екінші мәрте Олимп шыңына шығуына кедергі келтіруге толық мүмкіндігі бар. Әлбетте, Ниджаттың алдында тұрған оңай міндет емес. Шын мәнінде Люй Сяоцзюнь – жұлқа көтеру кезінде алға қойылған міндетін шешіп алуға қабілетті өте күшті спортшы. Ол дәл қазіргі кезде ешкім ресми жарыстарда жақындап бара алмайтында жоғары салмақ көтере алады. Бұған қоса, Люй өте жинақы өнер көрсетеді. Ол екінші жаттығуда да жақсы нәтиже жасай алады. Бұдан бөлек, жаттығуды орындаудың шеберлігі шыңына шыққан шымыр жігіт. Тұтастай алғанда, қытайлық атлет чемпион болуға толық лайықты тарлан. Оның жұлқа көтерудегі үздік көрсеткіші 2013 жылы алған 176 кг болса, серпе көтерудегі шыңы биыл Қытай чемпионатында өмірге келтірген 207 кг еді. Сондай-ақ ол жұлқа көтерудегі (176) және қоссайыстағы (380) әлем рекордтарының иегері. Былайша қарағанла, Рагимовтің одан аса алатындай еш мүмкіндігі жоқ сияқты. Дегенмен, Ниджаттың Люйден озық шыға алатын тұстары да бар. Қазақстандық атанған Рагимов Хьюстонда топ жарды. Мұны жұрт сенсация деп қабылдады. Жұрттың көбі онда қытайлық жеңеді деп ойлаған еді. Рагимов ресми жарыстарда серпе көтеруде Сяоцзюньнен аз да болса, алда жүрді. Ол Хьюстонда 207 кг салмаққа қол салды. Қытайлық бұған жете алмады. Енді Риода бұл таласқа армян Андраник Карапетян мен егмпеттік Махмуд Мохамед Ихаб Юсуф Ахмед қосылатын сияқты. Еске сала кетейік, бүгін Ниджат Рагимов бастаған ауыр атлеттер тұғырға 04:00 сағатта көтеріледі. Ол «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі. Ниджатқа чемпион атану үшін бастапқы салмақтарына тапсырысты дұрыс беріп, тартыс тактикасын ұтымды құра білу керек. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ