• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №7

339 рет
көрсетілді

2016 жылғы 25 қаңтар, 8 Астана қаласы «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №83 (27959) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Студенттер лигасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының топ-командаларынан қалыптастырылады (бұдан әрі - топ-командалары).»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Топ-командалары дене шынықтыру пәні оқытушысының өтінімі бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларынан қалыптастырылады. Топ-командасына білім беру ұйымдарының бір топ білім алушылары енгізіледі. 2. Жастар саясаты департаменті (Р. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі ____________ А. Мұхамедиұлы 2016 жылғы 27 қаңтар Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13251 болып енгізілді.