• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Рио – 2016: Жарыста дзюдо мен бокс кеші болады

236 рет
көрсетілді

Бүгін Олимпиялық ойындардың алтыншы күні Қазақстан спортшылары дзюдо мен бокстан өтетін жекпе-жектерге қатысады.  Кешкі сағат 19.00-де KazSport телеарнасы дзюдошылардың іріктеу кезеңіндегі және ширек финалдағы белдесулерін көрсетеді. Онда татамиге халықаралық аренада 100 килоға дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Максим Раков шығады. Осыдан кейін, яғни сағат түнгі 00.30-да жартылай финал, қола жүлде үшін күрес және финалдық белдесулер басталады. Соынмен бірге бүгін төрт бірдей былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға шығады. Олардың боксын «Хабар» телеарансынан тамашалай аласыздар. Онда сағат 02.30-да Қайрат Ералиев (56 кг), сағат 03.15-те  Абылайхан Жүсіпов (64 кг) қолғап түйістіреді. Екеуі де 1/16 финалда өнер көрсетеді. Данияр Елеусінов (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетов (81 кг) бірден 1/8 финалдан қосылады. Олардың айқасы тікелей эфирде 04.15-те және 04:45-те көрсетіледі. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: egemen.kz