Естімеген елде көп. Қытайда осыдан бірнеше ай бұрын тәжірибе жүзінде маймылдың бас сүйегін ауыстыру операциясы жасалған болатын. Енді қытай ғалымдары адам терісінен айырмашылығы жоқ, тіпті ажырату мүмкін емес жасанды тері жасап шығаруды ойластырып жатыр. Мұны 3D баспаның көмегімен жасамақ.
Әзірге адам терісі секілді икемді, иілгіш теріні жасау ешбір мемлекетте жүзеге асырылған жоқ. Мамандар терімен қоса бұлшық еттер мен буындарды да қатар жасамақ.
Жобаны іске асыруға 2-3 жылдай уақыт кететіні айтылуда.
Айман МҰҚЫШЕВА